Қауымдастықтың тілектер тізіміне өнім қажетіліктеріңіз туралы айтыңыз

Translate this post

“Уикипедия бөлімдерінде өңдеуді жеңілдететін бір жаңа құрал немесе функция болғанда ғой!” деп тілеген кездеріңіз болды ма? Уикимедиа жобаларының өсіп-дамуы үшін, үлес қосушы волонтерларға мақала жазуға, дәйексөз табуға, файл жүктеп салуға және басқа қатысушылармен өзге тілдер арасында да оңай бірлесіп жұмыс істеуге бағдарламалық жабдық қажет болады. Уикимедиа қорының Өнім ұжымдары жыл бойы бағдарламалық жабдықтар құрып, олардың жұмысын қамтамасыз етіп келеді, енді оларды құру, сынау және жеткізу жұмыстарын жақсартуға волонтерлармен бірлесіп жұмыс істегісі келеді. Осы бастамаға қолдау білдіру үшін Қор техникалық ұсыныстар мен идеяларымызға арналған негізгі арналарымыздың бірі – Қауымдастықтың тілектер тізімін қайтадан ашты.

Қауымдастықтың тілектер тізімі – волонтерларға уики жобаларының жұмысын жетілдіру үшін идеяларын (тілектер деп аталады) бөлісуіне мүмкідік беретін Уикимедиа форумы. Бұрынғы нұсқасына қарағанда тілектер тізімі әрдайым ашық және волонтерлар өз тілектерін кез келген тілде ұсына алады. Тілектер волонтерлар кездестірген өнім мен техникалық қиындықтарды көрсетіп, әзіреушілерге, дизайнерлерге және инженерлерге қатысушылармен бірлесіп шешім табуына мүмкіндік беруі керек. Тілек қабылданған соң, Уикимеиа қорының ұжымдары, волонтер әзірлеушілер және Уикимедиа серіктестіктері келіп түскен тілектерді қарап шығады да, құруға болатындарын таңдайды.

Волонтерлар Қауымдастықтың тілектер тізімі жұмысына үш деңгейде қатыса алады: өтініш жіберу, дауыс беру және құру.

  1. Тілек жіберу: Қауымдастықтың тілектер тізімінің жаңа нұсқасы волонтерларға уики мәтін форматында және Визуалдық редактор арқылы өз тілектерін қалаған тілде бөлісуге мүмкіндік береді. Волонтерлар кез келген уақытта қалағанынша тілектер жібере алады, тек мета-уики сайтына тіркелген болуы керек. Бастау үшін былай істеңіз:
  • Қауымдастықтың тілектер тізімінің басты бетіне өтіп, “Тілек жіберу” түймесін басыңыз да, мына міндетті өрістерді толтырыңыз
    • Атауы: тілегіңіздің атауы
    • Сипаттамасы: шешкіңіз келген мәселе.
    • Түрі: функция қосу туралы сұрау, қате туралы хабарлау, жүйе өзгерісі немесе басқа.
    • Жоба: тілекке қатысты уики-жобалар.
    • Өзгеріс әсер ететін қатысушылар: тілек шешілгеннен пайда табатын қатысушылардың сипаттамасы
    • Қатысушылар қаласа Phabricator сайтының сұрауын да өлісе алады.
  • “Жіберу” түймесін басыңыз. Бар болғаны осы!
  1. Мақсатты салаларға дауыс беру: Уикимедиа қоры ұжымдары жаңа тілекті қатыстылығы мен аяқталғандығына тексеріп, жарамды болса, Мақсатты салаға жинайды, бұл салада түпкі мәселелері бір тілектер шоғырланған. Мақсатты салаларды бастапқыда Қор құрып береді, кейін волонтерлар Мақсатты салаларда қай тілектергі көбірек көңіл бөлу керектігі жайлы хабар беру үшін дауыс беріп не пікір қалдыра алады. 

Уикимедиа қоры ұжымдары Мақсатты салаларды Жылдық жоспарға қосады. Бұл – бұрынғы тілектер тізімімен салыстырғанда айтырлықтай өзгеріс саналады: бірқатар Қор ұжымдары қауымдастық тілектерін орындау үшін жұмыс атқарса да (“Қараңғы режим”, “Өңдеулерді тексеру” өзгерістерін көріңіз), бұл бірізділікпен не кең көлемде орындалмаған еді. Алға қарай тілектер тізімі қауымдастықтың техникалық қажеттіліктерін Өнім мен Технология ұжымының жылдық жоспарына жеткізетін орталық құбыр сияқты болмақ, яғни ресурстарды бөлуге қатысты негізгі шешімдермен бірдей болады. 2024 жылдың мамыр айынан бастап Қор ең кемі екі ұжымға (Қауымдастықтың техникалық мәселелері мен Модератор құралдары) тілектер тізімін тексеруді, Мақсатты салаларды бейімдеп, оның мәселелерін шешуді тапсырды. Мақсатты салалардағы қауымдастық кері байланыс пікірін бағалап жатқанда, қосымша ұжымдар да Мақсатты салалары биылғы жоспарға кірістіріп жатуы мүмкін. 2025-2026 жылдарға қарай біз бұдан да көп тілек жылдық жоспарға сұрыпталып өтеді деп күтіп отырмыз. Әрине тілектің бәрі бірдей Мақсатты салаларға дейін жетпеуі де мүмкін және Қор әр тілек бойынша жұмыс істей бермейді. 

Мақсатты салалардың алғашқы жинағын Уикиманияда таныстырып, болашақтағы Мақсатты салаларда бірлесіп жұмыс істеуге волонтерларды шақырамыз. 

  1. Техникалық шешімдер құру. Қордың өзі, серіктестер және техникалық мүдделі тараптар әрі қарай әзірлеп, жаңа идеялар құру үшін Мақсатты салаларды бейімдеп, үлес қосушылармен бірлесіп жұмыс істеуді жалғастырады. 

Қауымдастықтың тілектер тізімі бірнеше буынға жалғасатын қозғалыс құру үшін маңызды; тұрақты қызмет ететін бағдарламалық жабдық құру үшін волонтерларды тыңдап, олармен бірлесіп жұмыс істеуіміз керек, өнім мен технологияларды жақсарта алуымыз үшін, ондағы қиындықтарды бірлесіп шешуіміз керек. Тілектерге қозғалыстың кез келген мүшесі қатысып, өзі сияқты волонтерлармен және Уикимедиа қорымен бірлесіп жұмыс істеу арқылы жақсырақ бағдарламалық жабдық құра алады.

Қауымдастықтың тілектер тізімін қайтадан ашып жатқанымызға сізбен бірге біз де қатты қуанып тұрмыз және бір-біріңізбен қандай мәселелер мен мүмкіндіктерді бөлісетіндеріңізді көруге асықпыз.

Can you help us translate this article?

In order for this article to reach as many people as possible we would like your help. Can you translate this article to get the message out?