Орталық Азия WikiCon 2025 конференциясы

Translate this post

Қуанышпен хабарлаймыз: Орталық Азия Уикимедиа қауымдастықтары алғаш рет Орталық Азия конференциясында — 2025 жылы бірігетін болады!

2025 жылғы Орталық Азия конференциясы — 2025 жылғы 19–20 сәуір күндері Өзбекстанның Ташкент қаласында, Халықаралық дипломатия мектебінде өтеді. Халықаралық дипломатия мектебі Ташкенттегі беделді жекеменшік білім беру мекемесі болып саналады. 2018 жылы ашылған бұл мектеп екі заманауи стильдегі ғимаратқа ие және Ташкенттегі үздік 10 жекеменшік білім беру мекемелерінің бірі болып табылады. Конференцияны Өзбекше сөйлейтін уикимедиашыдар тобы ұйымдастырады.

Уикимедиа Қорының Конференция қоры арқылы қолдау көрсетілетін бұл маңызды іс-шара Орталық Азия және оған жақын аймақтардан 50-ден астам Уикимедиа қолданушысын білімдерін бөлісуге, ынтымақтастық орнатуға және Уикимедиа қозғалысын дамытуға біріктіреді.

Орталық Азиядағы алғашқы аймақтық конференция Өзбекстан, Қазағстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Иран және көршілес аймақтардың Уикимедиа қауымдастықтары арасындағы байланыстарды нығайтуға бағытталған. Іс-шараның негізгі мақсаты – Уикимедиа қозғалысы туралы хабардарлықты арттыру және ынтымақтастықты дамыту.

Интерактив семинарлар арқылы қатысушылар өңдеу, жобаны басқару және техникалық дағдыларды дамытумен қатар негізгі аймақтық мәселелер мен болашақ бастамаларды талқылайды. Конференция барысында қатысушылардың өзара қарым-қатынас жасауы, сөйлесу арқылы ақпарат алмасуы қашықтықтар мен шекараларды еңсеретін мықты серіктестіктерді қалыптастыру мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл конференция Орталық Азияда Уикимедиа үшін берік бірлік пен жарқын болашаққа бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ұйымдастыру тобы атынан

Can you help us translate this article?

In order for this article to reach as many people as possible we would like your help. Can you translate this article to get the message out?