2025 жылғы ғаламдық үрдістер

Translate this post

Жыл сайын Уикимедиа қоры алдағы жылдық жоспарымызды құруды бастағанда, біз Уикимедиа қозғалысы мен оның жобалары жұмыс істейтін ортаға айтарлықтай әсер етеді-ау деген үрдістер тізімін құрамыз. Біз миссиямызға көбірек қатысты болатын арнайы онлайн тренділерді, мысалы, адамдардың интернетте ақпаратты қалай және қайдан іздейтінін әрі қосатынын, онлайн кеңістіктердегі жалған ақпарат таратудың көбеюін, сондай-ақ онлайн ақпарат ұсынушыларға әсер ететін нормативтік актілердің өзгеруін анықтаймыз. Осындай талдау арқылы біз жоспарымызды мынадай маңызды сұрақпен бастай аламыз: “Қазір әлемге Уикимедиадан не керек?”

Бұл сұрақ қозғалыстағы талқылар үшін қозғаушы күш болып саналады. Өткен жылдардағыдай, төмендегі үрдістер қазіргі технологиялық, геосаяси және әлеуметтік ортаның Уикипедияның негізі қаланған күндердегіден мүлдем өзгеше екенін және заманға сай бейімделіп, әрі қарай дамып тұруымыз қажет екенін көрсетеді. Бұл үрдістердің әрқайсысы жылдық жоспарға да, болашақ стратегиямызға да әсер етеді – уикимедиашыларды мықты технологиялық құралдар және қауіпсіздік шаралары көмегімен бұрынғыдан да жақсырақ қорғаудан бастап, Уикимедиа контентін түрлі аудиторияға жаңа жолдармен жеткізуге дейін.  

Адамдардың ақпаратты қай жерде және қалай алмасатынына қатысты өзгерістер

Желідегі ақпаратқа деген сенім азайып жатыр және қандай ақпарат шынайы әрі сенімді дегенге қатысты ортақ консенсус бұзылып жатыр. Былтыр біз тұтынушылардың ақпаратқа көміліп қалғанын және олардың күннен күнге ақпаратты сенімді адамдармен жинақталуын талап ететінін атап өткен едік. Google AI overviews және өзге де жасанды интеллект (ЖИ) арқылы іздеу құралдарының пайда болуымен интернеттен ақпарат іздейтін көптеген адам енді ЖИ көмегіне жүгініп жүр. Сола бола тұра, ЖИ көмегімен іздеу мүмкіндігі дәстүрлі іздеу жүйелері немесе әлеуметтік желі платформалары сияқты ақпарат алудың өзге жолдарын әлі ығыстыра қойған жоқ. Алайда біз былтыр атап өткен үрдіс – нақты бір адамдарға деген сенім – артып келеді: адамдардың дәстүрлі білім көздеріне, мысалы, мемлекеттік ұйымдар мен медиаға деген күмәні артып келеді, оның орнына қоғамдық ойды қалыптастыратын ықпалды онлайн тұлғаларға көбірек сенетін болып бара жатыр. Әлеуметтік желі платформаларындағы онлайн тұлғалар (мысалы, подкаст жүргізушілер, влогерлер) қазір әлем саясатындағы сайлаулар сияқты маңызды оқиғаларға айтарлықтай әсер ететін болып жүр. Өзінің идеологиясына және демографиялық мәліметтеріне сәйкес келетін тұлғаларды іздей отырып, адамдар көп жағдайда фактілерге қатысты ортақ консенсусты бұзатын оқшауланған ақпарат “көпіршіктерінен” бір шығады. 

Адамдар құнды әлеуметтік байланыс қамтамасыз ететін онлайн кеңістіктерге белсенді түрде қатысып жатыр. Жүз мыңдаған уикимедиашылардың үлесі мен уақытына сенім артатын веб-сайт ретінде біз адамдардың интернетте қайда және қалай үлес қосатынына қатысты үрдістерді мұқият қадағалап отырамыз. Былтыр біз адамдарда енді желіде білім бөлісудің көптеген тиімді әрі пайдалы жолы болатынын атап өткен едік. Биыл байқағанымыздай, адамдар бүкіл әлем бойынша қызығушылыққа негізделген шағын топтарда (Facebook, WhatsApp, Reddit және Discord сияқты платформаларда) ерікті түрде өз білімі мен сарапшылық пікірін бөлісіп жатыр. Мұндай кеңістіктер жаһандық деңгейде қатты танымал болып келеді және ауқымды, жалпы тақырыптағы әлеуметтік арналардан гөрі оларға қатысқанды адамдар әлдеқайда құп көредіБұл қауымдастықтардың негізгі ошағы – ісіне адал волонтерлар, олар модерациялау және жаңа қатысушыларға тәлімгерлік ету сияқты маңызды әрекеттерді орындайды.

Жастар үшін ойын алаңдары өзара байланыс кеңістігіне айналды, тіпті әлеуметтік желіге бәсекелес те болып бара жатыр. Ойын қауымдастықтары Discord және Twitch сияқты платформаларда құрылған еді, ол жерлерде адамдар ойнап қана қоймай, бірге контент жасап, белсенді болады: іс-шаралар ұйымдастырады немесе пайдаланушылардың контенті мен тәртібін модерациялап отырады. Платформалар ойыншыларды қатысы жоқ өнімдерге тарту үшін пайдаланады, оған мысал ретінде The New York Times платформасының сәтті әрі өсіп келе жатқан ойын бөлімін атап өтуге болады.

Адамдардың онлайн режимде өткізуге арналған уақыты шектеулі, сол себепті біздің пайымымызша, Уикимедиа жобаларына редактор ретінде тіркеліп жатқан адамдар санының құлдырау себебі (бұл үрдіс 2020-2021 жылдары басталып, әлі де жалғасып жатыр) осындай басқа қызықтыратын онлайн кеңістіктерге қатысудың кеңінен танымал болып, еліктіре алуында болуы мүмкін.n some of these other rewarding online spaces.

Ақпаратты интернетте таратуға және реттеуге қатысты өзгерістер

Адамдар арқылы жасалып, расталған цифрлық ақпарат технологиялық ЖИ платформалардың күресінде ең құнды актив болып бара жатыр.  Былтыр біз жасанды интеллект желіде жалған ақпарат жасап, тарату үшін қару ретінде қолданылады деп болжаған едік. Биыл біз төмен сападағы ЖИ контентінің жалған ақпарат тарату үшін ғана емес, тез баюға қатысты алаяқтық схемаларды жасау үшін де пайдаланылып, интернетті басып алғанын көріп отырмыз. Жоғары сападағы әрі адам жасаған сенімді ақпарат сиреп, құнды ресурсқа айналды, ондай ақпаратты технологиялық платформалар өзіне жинап алу үшін жарысып жатыр және оны жаңа іздеу жүйелері (ЖИ де, дәстүрлі іздеу жүйесі де) арқылы өз платформаларында таратпақ. Адам жасайтын бірнеше саладағы онлайн контент жариялаушылар (мысалы, әлемдегі ірі жаңалықтар мен медиа компаниялардың көбі) бұған контентті лицензиялау бойынша ЖИ компанияларымен келіссөз жүргізу, сондай-ақ контенттерін рұқсатсыз қолдануын болдырмау үшін ақылы түрде пайдалану мүмкіндігін қосу арқылы жауап беріп жатыр. Мұндай шектеулер еркін әрі жоғары сапалы ақпараттың көпшілікке қолжетімділігін одан сайын шектейді.

Бейтарап әрі расталатын ақпаратқа қатысты таластар білім алмасу жобаларына да, оларға үлес қосушыларға да қауіп төндіріп тұр. Былтыр біз әлем бойынша жүргізілетін реттеулер желіде ақпарат тарататын жобалар үшін қиындықтар мен мүмкіндіктер тудыратынын және заңдық тұрғыда әртүрлі болатынын атап өткен болатынбыз. Биыл желідегі расталған, бейтарап ақпаратты бөлісуге қатысты қиындықтар айтарлықтай артты. “Фактілер” және “бейтараптық” деген сияқты концептілердің мағынасы туралы қоғамдық консенсус қатты бөлшектеніп, саясиланып кетті. Арнайы мүдделі топтар, инфлюенсерлер және кейбір үкіметтер өз пікірімен сәйкес келмейтін онлайн дереккөздерді сенімсіз қылып көрсетіп жатыр. Өзгелер де қарап жатпай, негізсіз сот тергеуі арқылы ақпарат көздерінің аузын жапқысы келеді.

Әлем бойынша технологиялық онлайн платформаларды реттеуге бағытталған заңдар ашық ғылым бастамалары, краудсорс арқылы жұмыс істейтін білім алмасу және мәдени мұра қоймалары, сондай-ақ онлайн мұрағаттар сияқты көпшілік мүддесі үшін қызмет ететін коммерциялық емес платформаларды ескермейді. Интернетті реттеудің әмбебап жолы мұндай платформалардағы үлес қосушы мен аудиторияның құпиялығына қауіп төндіріп, қауымдастықтардағы контентті модерациялау дағдыларын бұзуы мүмкін. Мысалы, платформалардан кірушілер мен үлес қосушылардың жеке басын растау және олардың әрекеттерін қадағалауды талап ету ақпарат алғысы немесе бөліскісі келген адамдардың құпиялығы мен қауіпсіздігіне қатер тудыруы мүмкін. Платформалардан “жалған ақпарат” деп белгіленген контентті бірден жоюды талап ететін нормативтік актілер қоғамдық консенсус арқылы жұмыс істейтін және пайдадан гөрі дәлдікке басымдық беретін платформалардағы жалған ақпаратпен күресуге арналған ендірілген механизмдерге қарама-қайшы.

Әрі қарай не болмақ? Талқылауға қалай қосылуға болады?

Қауымдастығымызға арналған бұған дейінгі хабардандыруларымызда айтқанымыздай, бұл қозғалысымыздың алдында тұрған қауіптер мен мүмкіндіктердің ауқымды тізімі емес. Бұл – келесі фискалдық жылды жоспарлаудың алдында дәл қазір әлемге бізден не керегін талқылап, бір нақтылыққа келтірудің жолы. Жыл басында Өнім және Технология жөніндегі бас директор Селена Деккельманн ғаламдық қауымдастығымыздан үрдістер мен өзгерістердің қайсысы маңызды деп санайтыны туралы ойын бөлісуін сұраған еді, аталмыш талқыны мына талқылау бетінде жалғастыруға шақырамыз. Алдағы айларда Уикимедиа қоры осы үрдістерге жауап ретінде ұсынылатын шаралар көрсетілген жылдық жоспар нобайын жариялайды. Кейбір жұмыстар басталып та кетті; мысалы, жаңа редакторлар санының азаюы мәселесін шешу үшін біз “өңдеулерді тексерудің” жаңа жолдарын қосып жатырмыз. Мұндай әдістер жаңа қатысушылар үшін мобильдік өңдеуді жеңілдетіп, олардың әрі қарай үлес қоса беруге деген қызығушылығын арттыруға арналған. Өзгеріп жатқан әлеуметтік-техникалық ортада еркін білім жобаларымызды қалай қорғап, өсіруге болатыны жайлы қауымдастық талқыларының көбірек болғанын қалаймыз.

Can you help us translate this article?

In order for this article to reach as many people as possible we would like your help. Can you translate this article to get the message out?